Дүйсенбі, 15 Шілде 2019 19:43

Түркістан: кәсіподақ өкілдері арыстықтарға 30 млн теңге көлемінде материалдық көмек берген

Кәсіподақ өкілдері Арыстықтарға 30 миллион теңгенің материалдық көмегін көрсетті. Арыс қаласына барып, білім саласының қызметкерлерімен кездескен кәсіподақтар алдағы уақытта моральдық және материалдық көмектің көрсетілетінін айтты.

Арыстағы жарылыстан кейін зардап шеккен азаматтарға барлық ұйым өкілдері көмек қолын созды. Солардың бірі Кәсіподақ федерациасы өкілдері 30 млн. теңге көлемінде материалдық көмек ұсынды. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы құрамында 800 мыңнан астам мүшесі бар. Олардың  тарапынан 13 миллион теңгенің көмегі берілді. Бүкіл республика аумағындағы кәсіподақ өкілдерінен жиналған қаражаттың мақсатты жұмсалуын билік өкілдеріне аманат етті. Әрі педагогтармен арнайы кездескен сала мамандары олардың мүддесін қорғауына ат салыспақ.

«Менің келген мақсатым болып жатқан мәселелерді көзбен көріп танысып, білім саласы қызметкерлерінің қандай пікірі бар екенін , реніш, қуаныштары бар ма? Біліп танысып ары қарай Астанаға алып кетіп, шешетін нәрсені осында шешу» - дейді«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы Майра Амантаева. Апаттан әлі күнге ес жия алмай отырған халыққа демеу болған білім саласының кәсіподағы жергілікті жұрттың қалыпты жағдайда өмір сүруіне қолдан келгенше бар көмекті аямайтындарын жеткізді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 627 рет