Дүйсенбі, 15 Шілде 2019 21:13

Арыстық балалар Семейде демалуда

Арыстық жасөспірімдер Шырайлы Шығысқа демалуға аттанған болатын. Семейліктер балаларды зор қошеметпен қарсы алды. Кішкентай бүлдіршіндер сауықтыру лагерлеріне жол тартты.

Сапқа тізілген балалар, патриоттық әуен, қошемет. Осының бәрі Семейлік құрдастарының Арыстан келген балаларға құрметі. Шығыс жұртшылығы кішкентай қонақтарды көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алды. «Бүкіл қазақ елі Қазақстан халқы Арыспен бірге. Оны күнделікті сіздер көріп те, сезіп те жүрсіздер деп ойлаймын. Сол Арыс қаласыменен бірге болғанымызды тағы бір мәрте дәлелдеу үшін облыс әкімінің тікелей тапсырмасы бойынша Арыс қаласынан Шығыстың шырайлы жерлеріне  300 баланы қабылау туралы шешім қабылданды. Алғашқы легі міне өздеріңізсіздер. Семей қаласына, Өр Алтай жеріне, Өскемен қаласына қош келіпсіздер. Жақсы демалыс тілеймін» - дейді Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Сарыбаев.

Семейліктер Арыстықтарға қолдау көрсетуде. Ақшалай және заттай көмектер жұмылдырылды. Балалар демалысын ұйымдастыруға кәсіпкерлер мен мекеме, ұжымдар атсалысуда.150 баланың 50-і Семейдегі Қарағайлыда болады. Тағы бір тобы Глубокий ауданындағы «Ульбинка» лагерінде және Қатон-Қарағайдағы «Арайлы Шығыс» лагеріне аттанды. «2 автобус болып, алып кетеміз. 10 күн бізде болады. Көлге шомылады, кәдімгі сауықтыру лагері. Біз Арыспен біргеміз біздің де ұранымыз» - деді– Қатон-Қарағай лагерінің  директоры Ғалымжан Мұстафаев. Қонақтар алыс жолдан шаршап келсе де, көңіл-күйлері жақсы. Балалар ризашылықтарын білдіруде.50 бала шығыстың 3 лагеріне келген. Алда тағы бір топ осы өңірге демалуға келетін болады. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 657 рет