Сәрсенбі, 17 Шілде 2019 23:20

Түркістан облысы: Арыста жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Арыс қаласының аумағында санитарлық тазалау бойынша жалпы қалалық сенбілік өтті. Қала әкімінің бастамасымен өткен шарада 940 адам қатысып, 26 шақырым аумақ тазартылды. Таза қаланың тынысы кең деп ұрандатқандар 92 тонна күл - қоқысты қала сыртына шығарды. 

Жалпы қалалық сенбілік аясында қала аумағы тазартылып, көше бойы мен жаяу жолдың қоқыстары жиналды. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері қатысып, атсалысуда. Майлықожа көшесінде Арыс қалалық денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты мекеме қызметкерлері мен бөлім басшылары еңбек етті. Таңғы сағат 7:00 де басталған сенбілік жұмыстары жүктелген міндет толық орындалғаннан кейін аяқталды.

«Сенбілікте  Арысты қайта қалпына келтіруге өз үлесін қосып жатқан 17 сектордың жұмысшылары мен еріктілері де бой көрсетті. Оныншы сектордың әлеуметтік жұмысын қолға алған Кентау қаласының белсенділері сенбіліктегі тазалақтан бөлек күн сайын қаладағы 13 көшені ретке келтіруді өз мойнына алған. Жергілікті халық жұмысымызға жоғары баға беруде дейді сектордың штаб жетекшісі» - дейді Арыс қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асхат Кенжебеков. Сенбілікте үй іргелік ауласын тазартқан қала тұрғындары да бұл игі іске белсене қатысты. Осылайша Арыста жарылыстан кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқын алып отыр.

 «AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 663 рет