Бейсенбі, 01 Тамыз 2019 15:22

ТҮРКІСТАН: Шардарада тазалық пен ауыз су шешімін тауып келеді

Туризмнің ошағы саналатын шағалалы ауданның орталығында тазалық жұмыстары мен ауызсу мәселесі оң шешімін тапқан. Бүгінде Шардара қаласындағы 5227 үйдің 94 пайызы құбыр суымен толық қамтылған. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1983-жылы салынған су торабына үздіксіз жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Тәулігіне 12 мың текше метр су жеткізетін қаланың бас су торабы бүгінде тұрғындарға ауыз суды 24 сағат пайдалануға мүмкіндік жасап отыр. Жазғы мезгілде тәулігіне 8 мың, қысқы мезгілде 5 мың текше метр ауыз суды қажет ететін шардаралықтарға беріліп жатқан судың сапасын арттыру үшін орталықтандырылған су құбырлары жүйелерін жуу жұмыстары да тұрақты жүргізіледі.

2019 жылдың алғашқы жарты жылдығының өзінде «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Шардара аудандық бөлімшесі орталықтандырылған ауыз су жүйесінің 16 жерінен алған үлгілері ауыз судың нормативтік көрсеткіштер сай екендігін анықтаған. Мұнан бөлек Шардара қалалық бас су торабының су тазарту стансасын жаңғырту мақсатында арнайы жоба әзірленіп, қолданыстағы су торабы қайта жаңғыртылған, суды тазалауда заманауи ультрафильтрациялық әдіс қолданылуда. Сонымен қатар, қала көшелеріне 2149 түп түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, 15 жердегі ретсіз тасталған 1715 тонна күл-қоқыс тазаланған. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 620 рет