Бейсенбі, 01 Тамыз 2019 21:58

Отырарда жұмыссыз жастардың қатары азайып келеді

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы Отырар ауданында сәтті жүзеге асуда. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша шағын несие беріп, әлеуметтік жұмыс орындарына сұранысқа ие мамандар тартылып жатыр.

Жұмыссыз жастардың қатары азайып келеді. Бұл жаңалықты жұмыспен қамту орталығының басшылығы мәлімдеп отыр. Айтуынша, биыл жастар практикасына қатысуға ниет білдіргендердің саны артқан. Мәселен, Айдана Сабыр оқуын аяқтай салып, Отырар аудандық орталық ауруханасына жастар практикасы арқылы 6 ай жұмыс істеген. Бүгінде тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. «Шымкент медицина колледжін 2018 жылы бітіріп, жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркелдім. Сол арқылы 6 ай жастар практикасына қатыстым. Ол жерде тәжірибе жинақтадым, ол кезде айлығым 47 мың болды. Сол арқылы орталық ауруханаға тұрақты жұмысқа тұрдым. Қазір жалақым 70 мың» - дейді Отырар ауданының тұрғыны Айдана Сабыр.

Ал, Света Қуандықова сатушы ретінде жеке кәсіпкер Қылышбай Бауыржанның дүкеніне жұмысқа орналасқан. Бүгінде айлық табысы 60 мыңды құрайды. «Мен алдын ала жұмыс істемедім. Үйде бала күтімімен отырғанмын. Қазір жұмыспен қамтудың есебінен Қылышбай Бауыржанның кәскерлігінде сатушы болып орналастым. Айлығым 60 мың тенге. Енді лбұдан былай тұрақтылыққа қаламын деп отырмын» - дейді ол

Отырар ауданында «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар саны артып отыр. Артта қалған 6 айда кәсіптік оқытуға тартылғандар барлығы 280 адам, ал шағын несие алып кәсібін бастағандар саны 50 адамды құраған.  «Еңбек» бағдарламыс аясында 1600 дей азаматымыз осы бағдарламамен қамтылып отыр. Бұл бағдарлама үш бағыт бойынша іске асырылады. Биыл жастар жылы соған орай 173 жасты 505 мың теңгелік \грантпен қамту жоспарлануда. Бүгінгі таңда 14 жастың құжаты Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданды. Оған биылғы жылы 90 млн теңге қаралып отыр» - дейді Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Мұхит Амангелді. Ауданда маман тапшылығын жою үшін жұмыспен қамту орталығы барлық мекеменің  сұранысын толық қанағаттандырмақ.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 610 рет