Сәрсенбі, 18 Наурыз 2020 17:14

Түркістан облысының еріктілері сақтық шараларын жүргізуге көмек беруде

   Түркістан облысының еріктілері өңірде сақтық шараларын жүргізуге қолғабыс етуде. Төле би ауданында жастар халық көп шоғырланатын орталықтар мен базарларда, автобекетте бетперде таратуда.

  Төле би ауданындағы медицина колледжінің еріктілері 100 дана медициналық сақтық бетпердесін қолдан тігіп, көпбалалы отбасыларына беруде. Жастар сондай-ақ, қоғамдық орындарда арнайы дайындалған жадынамаларды таратуда. Соынмен қатар, түсіндіру жұмыстарымен де айналысалды. Ал, Созақ ауданы Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мен «JasOtan» жастар қанатының және «Value» волонтерлер ұйымының ұйымдастыруымен Қайнар ауылындағы отбасына көмек көрсетілді. Тұрмысы төмен отбасы бір реттік азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, жанұя мүшелері дер кезінде қолдау көрсеткен жастарға алғыс айтты.

  Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын іске асыру нұсқаулығын орындау мақсатында, Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген. 

 

 

Оқылды 422 рет