Атап айтқанда, «Шапағат», «Дастарқан», «Бәйтерек» сауда орындары, «Əзиз», «Қуаныш» базарлары мен əлеуметтiк дүкендердiң қалыпты режимде қызмет iстеп жатқандығын, азық-түлiк қорының жеткiлiктi екендiгiн жəне бағалардың негiзсiз ɵсiмi орын алмағандығына кɵз жеткiздi.
Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу және жасанды тапшылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық орындарда санитарлық және дезинфекциялық шараларды қолдану керектігі айтылды. Сондай-ақ, сауда орындары басшыларымен тɵтенше жағдай кезеңiндегi талаптардың орындалуын қатаң сақтау ескертiлдi.
Түркістан қаласында азық-түліктің бағасын негізсіз өсуін бақылау мақсатында қауырт желі іске қосылды. Егер тұрғындар тарапынан азық-түліктің бағасы өскені байқалса 8 (72533) 5-93-28 және 87476935285 желілеріне қоңырау шалып жағдайды хабарлай алады.