Бейсенбі, 19 Наурыз 2020 15:19

Түркістан облысында 2 блок-пост жұмыс істеп тұр

 

Түркістан облысында коронавирустың таралуының алдын алу  бойынша жан-жақты шара көріліп жатыр. Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі ППБқызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдардарда қызметтік көліктерімен жұмылдырылып, жедел әрекет етуде.

  Осы мақсатта, Түркістан облысында 18-наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтарындағы «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде короновирус дертіне байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін блок-посттар қойылды. Полиция және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде

Түркістандық полицейлер азаматтарға төтенше жағдай кезінде белгіленген заң талаптарын сақтауға кеңес береді. Осындай қиын сәтте сабырға келіп, өз денсаулығыңыз үшін барлық сақтық шараларын жасауды ескертеді.

Айта кетсек, 19-наурыз сағат 00:00-ден бастап Нұр-сұлтан мен Алматы қалалары каратинге жабылғаннан соң, Оңтүстікке қарай ағылған жұрттың қарасы қалың. Осы сәтте полицейлер қарап қалмай, медицина қызметкерлерімен бірлесіп қарқынды жұмыстар жүргізуде. Яғни, осы өңірге жол тартқан әрбір жолаушы тексеріліп, өткізілуде.Мамандарбарлық сақтық шараларын қолға алып, коронавирус дертін жұқтырған азаматтардың облыс аумағына енбеуін қадағалап отырғандарын айтады.
  

Оқылды 445 рет