Түркістанда пандемия, яғни коронавирус індетін жұқтырған жағдай анықталған жоқ. Десе де, сақтықта қорлық жоқ екенін ескеріп, қалаға кіріп жатқан көліктердегі әрбір азаматтардың дене қызуы өлшеніп, дәрігерлердің тексеруінен өткізіліп жатыр.
⠀Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы және шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеуге алу бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Онда полиция, дәрігерлер, жедел-жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етуде. Блок-посттарда жұмыс жасап жатқан қызметкерлер үшін барлық инфрақұрылым жүйесі, яғни, су, жарық, дәретхана, шатыр (палатка) қарастырылған.
Рашид Абатұлы қалаға кіре беріс қақпалардағы істердің талапқа сай жасалуын күндіз және түнгі уақыттарда барып бақылап, өз көзімен танысты. Жалпы, індеттің алдын алу шаралары шаһардағы қоғамдық орындарда күшейтілген режимде атқарылуда.