Сейсенбі, 24 Наурыз 2020 20:44

Түркістан: Сайрам ауданында бетперде тегін таратылуда

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Сайрам ауданындағы сақтық шаралары бүгін де қарқынды жалғасын тапты.

 Короновирус індетіне қарсы күресті күшейту және тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен #Bizbirgemiz акциясы өтті. Акция аясында «Nur Otan» партиясы Сайрам ауданы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлының жетекшілігімен Қарабұлақ, Қарамұрт ауыл округтерінде әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасларға медициналық және гигиениалық тауарлар мен азық-түлік табысталды. Ауданда атқарылған маңызы зор жұмыстардың бірі «Jas Otan» жастар қанаты еріктілердің қатысуымен өтті. Волонтерлар Ақсукент және Манкент ауыл округтерінің тұрғындарына медициналық маскаларды тегін тарату арқылы қайырымдылық акциясын жалғастырды.

Қайырлы іс аясында 40 отбасы әлеуметтік жәрдем алса, 2000 жуық аудан тұрғыны медициналық бетперделермен қамтамасыз етілді.

 

 Айта кету керек, Сайрам ауданы бойынша бетперде жетіспеушілігі жоқ. Ауданда орналасқан дәріханалар, оның ішінде Жібек жолы ауылындағы дәріхана отандық өнімді өндіруші «АЛТЫН АДАМ» тігін фабрикасының медициналық маскаларымен қамтамасыз етілді.

 

Оқылды 436 рет