Жұма, 10 Сәуір 2020 21:48

Біз біргеміз: Түркістан облысының кәсіпкерлері мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтыды

Түркістан облысында Nur Otan партиясының бастамасымен «Біз біргеміз!» акциясы жалғасып жатыр.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты қауіпті індеттің таралуына жол бермей, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру үшін әрбір азамат қолдан келгенше мұқтаж жандарға қол ұшын созды. Мәселен, Ордабасылық кәсіпкерлер 10 тонна азық-түлік таратты. Ордабасы ауданының тұрғын Маржан Әбзиева аз қамтылған отбасына жатады. Үш баланың анасы бұған дейін тәтті тоқаш пісіріп сатып, бала-шағасының несібесін тауып келген. Елдегі төтенше жағдайға байланысты екі аптадан бері жұмысы тоқтап тұр. Жолдасы мүгедек. Өңірдің іскер азаматтары бірлесіп, жыл басынан бері аудандағы көп балалы, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар 105 отбасын азық-түлікпен қамтып келеді.
«Амал жоқ, мұқтаж болғанан кейін өздері ұн апарып берді. Май, шайымызды апарып берді. Енді тағы да үшінші рет алып жатырмыз. Баяғыдай күнімізге қайтып оралайық. Бақытты болайық. Бұдан да жақсы күндер болады деп ойлаймын. Рақмет, алғысым шексіз»,-дейді Темірлан ауылының тұрғыны Маржан Әбзиева.

 Елімізде Nur Otan партиясының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» акциясы Ордабасы ауданында да жалғасады. Көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында жанашыр азаматтар азық-түлік қорын жасақтаған. Аудан көлемінде көмекке мұқтаж отбасылардың тізімі жасалып, таратылып беріледі.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.


 

 

Оқылды 393 рет