Сенбі, 11 Сәуір 2020 17:13

Түркістан: Төлеби ауданында жылыжай көлемі ұлғаюда

Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағындағы жылыжай көлемін ұлғайту жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Сондай бастамалардың бірі Кемеқалған ауылдық округінде жүзеге асырылуда.

Мұнда жеке кәсіпкер Манап Қайрат 1 га жылыжайға қияр дақылын ектi. Алдағы 40-45 күнде қияр алғашқы өнiмін бере бастайды. Диқанның болжамынша жылыжайдан 90-100 тоннадай өнім жиналатын болады,-деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Төлеби ауданында аталған саланы дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда, ауданда 2020 жылдың егіс көлемі 63130 га құрады.

Жыл басынан бері жоспарға сәйкес суармалы жердің көлемі 30,1 га, жылыжай 0,2 га, қарқынды бау 10 га ұлғайды. 1 алқаптан 2-3 өнім алу жоспары 120 бірлік болса, оның 45-і орындалды.

2020 жылы жалпы астықтан 43,0 мың тонна, майлы дақылдан 13,0 мың тонна, картоптан 20,0 мың тонна, көкөністен 33,0 мың тонна, жеміс-жидектен 8,0 мың тонна және жүзімнен 1,5 мың тонна өнім жинау көзделуде.

Ауданымызда ірі қара мал 64607, қой мен ешкі 168862, жылқы 29941 басқа жетті. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 20 бас ІҚМ, 10-15 басқа арналған 20 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары және 10-15 бастық 22 бірлік шағын сүт фермалары және 4 бірлік шағын құс фермалары ашылды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 362 рет