Сенбі, 04 Сәуір 2020 20:58

Шымкент: карантиндегі ағайынға азық-түлік таратылды

Қысылғанға қой берген, тарыққанға тай берген. Осы қағиданы ұстанған Шымкенттік кәсіпкерлер қалада карантинге жабылған «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабына арнайы атбасын бұрды. Сондағы 750 отбасына күнделікті қажетті азық түлік таратты.

Бұл елдімекеннің кіреберісіне блокпосттар орнатылған. Халықтың кіріп шығуына 14 күнге тиым салынған.  Елдімекенде карантин уақытының бітуіне 10 күндей уақыт қалды. Десекте елден оқшауланған  ағайынға демеу болуды кәсіпкерлер жөн санаған. Игі жоба «Nur Otan» партиясы қолғаалған  «Біз біргеміз» акциясы аясында жүзеге асып отыр.Қайырымдылық шараға мегаполистегі   «Europharma»,  «Қазыбек» әмбебап базары, «ВИЗИТ» , «KARLSKRONA» ЖШС- гі,  «GraMad» гипермаркетісекілді ірі компаниялар үлес қосты.  Тұрғын алабындағы әр отбасыға 10 келі ұн, 5 келіден макарон, күріш, 3 келіден картоп, пияз, сәбіз таратылды.

Сергей Югай – «Барыс 2007» компаниясының атқарушы директоры: Бұл індет елімізді, біздің қаламызды айналып өткен жоқ. Қазір осы аймақта 750 отбасы карантинде отыр. Біз ұсынған әлеуметтік пакет өз септігін тигізеді деген ойдамыз. Ортақ мәселемен бірге күресейік. Біздің белсенділік танытқанымыз осындай қиын сәтте орынды –деп білемін. Сондықтан әріптестерімді жұмыла күресуге шақырамын.

«AQ-QARA.KZ»-информация

Оқылды 332 рет