Дүйсенбі, 13 Сәуір 2020 12:11

Түркістан: Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағы жасыл желекке айналады

 

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің аймағын абаттандыру бүгінде жүйелі жүруде,-деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі күннің өзінде жер тегістеу және жер бетіндегі өсімдік қабатын кесу, кесене алдындағы ескі аяқ жол тақталарын алып, орнына 5000 м² құрайтын жаңа жол төсеу іске асты. 15000 м² көлеміндегі аумақ көгалдандырып, суғару жүйесі жүргізілді. Суғаруға арнайы 200м³ резервуар орны қазылып та қойды. Сондай-ақ, 1500м электр желісі жүргізіліп, қосымша 178 ағаш көшеттері егілді.

Сондай-ақ, қалаға келуші туристер мен қонақтар үшін көрікті гүлзарлар, арықшалар, кіші сәулеттік формалар орнатылады.

Кесене аумағындағы ескі асхана мен әжетхана ғимараттары бұзылып, әжетхананың жаңа орны салынуы жоспарланған. Абаттандыру жұмыстары биыл күзде аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

Айта кетейік, осыған дейін Қожа Ахмет Ясауи кесенесі алдынан жасанды көл салу жобасын архитектор Роман Шнайдерман ұсынған болатын. Дегенмен, кесененің тарихи маңызы мен тұрғындар ойын ескере отырып, жасанды көл жобасын салмау жөнінде шешім қабылданды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

 

 

Оқылды 413 рет