Сенбі, 04 Сәуір 2020 23:15

Шымкент: Қаратау ауданында 6 мың бетперде тегін таратылған

Төтенше жағдай кезінде тәртіпке бағынбаған кәсіпкерлер қамауға алынады. Әсіресе қоғамдық тамақтану орындары белгіленген жұмыс кестесінен ауытқыса заң қатаң. Бұл туралы Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі баспасөз брифингінде баяндады.

Қаратау ауданында 247 мың тұрғын бар. Кәсіпкерлік саласыда осы аймақта қарқынды дамыған. Оған қоса Шымкенттіктер сейіл құратын ірі  6 саябақ пен  скверлер аудан шеңберінде. Сондықтан дерттің алдын алу үшін түсініктеме жұмыстары күшейтілген. Мегаполистегі аялдамалардың басым бөлігі  аймаққа  тиесілі болғандықтан дизинфекциялық жұмыстарға әскери құрылым жұмылдырылған. Қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарымен Қаратау ауданында адамдар көп орналасқан жерлерге дизенфекциялау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда. Сонымен қатар, Қаратау ауданында 416 көпқабатты тұрғын үйлер аумағындағы 65 қоқыс алаңшасын (200 контейнер) мердігер мекемелермен тұрақты түрде дизенфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Төтенше жағдайға байланыстыҚаратаудағы  17 тойхана жабылып,  595 дүкен  мен  114 кафе, асхана, фаст-фуд отралықтары жаңа кестемен жұмыс істеуде. Дегенмен кейбір кәсіпкерлер заң талаптарын сақтамай отыр –дейді аудан басшысы.Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысындағы шектеулерді бұзған кәсіпкерлерге ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 бабына сәйкес шара қолданылуда «Бізде үш кәсіпкер әкімшілік қамауға алынды. 53 хаттама толтырылды. Күні кеше түнде Дым деген кафе жұмыс істеп жатқан жерінен ұсталды. Біздің мобильдік топ осы мәселені анықтады. Басшысына тәртіптік жаза қолданылады» - дейді Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов.

Карантин кезінде 44 мектеп пен 4 жоғарғы және орта оқу орындары қашықтықтан оқыту режиміне көшкен. Тұрғындарды тегін бетперделермен қамтамасыз ету бойынша «МегаФарм» мекемесімен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде аудан тұрғындарына 6 000 бетперде тегін таратылды.«Nur Otan» партиясы қолға  алған  «Біз біргеміз» акциясы аясында аз қамтылған отбасылар мен көмекке мұқтаж жандарға тегін азық-түлік таратылуда.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 318 рет