Сәрсенбі, 22 Сәуір 2020 13:48

Түркістан: Түлкібас ауданында 9 мыңға жуық гүл көшеті егілді

Әдеміліктің нышанына айналған гүлдерді отырғызатын маусымда Түлкібас ауданына қарасты барлық елді-мекендерінде жаздық гүлдерді отырғызу жұмыстары қарқынды іске асуда.

Көктем мезгілінде жайнаған гүлдерге қарасаң, көзің тоймайды. Көшедегі шаңды басатып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бір жылдық және көпжылдық гүлдердің дені Раушан гүл, Түймедақ, Лалагүл, Райхан гүл, Питуния, Сәндігүл т.б
Бүгінгі таңда аудан көлемінде әлеуметтік нысандарға, көше бойларына жалпы алғанда 8 700 түп гүл егіліп, күн шуағына әр түрлі түсті кілем секілді жайқалып тұр. Мамыр айына дейін аудан аумағындағы барлық елді мекен көшелеріне 90 мыңға жуық гүл көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Сондай-аө ағымдағы жылдың көктем айларында ауылдық округ, кент әкімдіктері тарапынан елдімекендер аумағын көгалдандыру мақсатында 41,1 гектар жерге 16 мың 800 түп талшын, шырша, иінкі, арша, боз арша, шаған және қара ағаш көшеттері отырғызылған. Түлкібас ауданының климаты аталған ағаш түрлерін отырғызуға өте қолайлы. Сондықтан тез жерсінетін көшет түрлеріне басымдық беріліпті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.


Оқылды 592 рет