Сәрсенбі, 22 Сәуір 2020 14:00

Түркістан: Жетісайлық кәсіпкер жерлестеріне 4 тонна қырыққабат таратып берді

Елде болып жатқан төтенше жағдай кезінде Жетісай ауданының Атамекен ауылдық округінің жеке кәсіпкері "Атамекен – Агро" ЖШС-ның басшысы Шынболат Қындыбайұлы және аудандық әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаеваның ұйымдастыруымен ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 4 тонна қырыққабат және 300 дана бетперде қайырымдылық ретінде тарту етілді.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Қырыққабат пен бетперделер Жетісай қаласында тұратын 52 жалғызбасты қарттар мен 19 аз қамтамасыз етілген отбасыларға 2 тонна үлестіріліп берілмек.
Ал қалған 2 тоннасы Асықата кентіндегі 46 жалғызбасты қарттар мен 42 мүмкіндігі шектеулі балаларға және 12 аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін болады.
"Өз тарапымыздан қиын-қыстау күнде қол қусырып отырмай, демеу көрсете білгені үшін ауданымыздың кәсіпкерлері мен әжелеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз",- дейді Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 414 рет