Жексенбі, 26 Сәуір 2020 17:18

Ұласбек Сәдібекұлы аса қажетті азық-түлік тауарларын тұтынушыларға шекті бағадан асырмай сатуды ескертті

Сайрам ауданындағы 10 базар толығымен жабылып, қазір тек «Иман» ЖШС-і базары мен «Арзан» маркеті азық-түлікті жеткізу қызметімен айналысуда. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков және ауданның бас полицейі Бауыржан Зиятаев сауда орындарын аралап, азық-түлік қоры мен баға тұрақтылығына және ондағы төтенше жағдай талабына сай тәртіп пен тазалықтың сақталуына көз жеткізді.

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әбдібек Зиятайұлы Сайрам ауданы 1 айға 32 түрлі қажетті азық-түлік қорымен қамтылғанын айтты. Бөлім басшысының айтуынша, жеке кәсіпкер қоймаларындағы және сауда орындарындағы азық-түлік қоры – 12,9 мың тоннаны құрайды.

Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 9 тауар түріне шекті баға бекітілген. Ұласбек Сәдібекұлы сол тізімде бекітілген аса қажетті азық-түлік тауарларын тұтынушыларға шекті бағадан асырмай сатуды ескертті.

Сауда орындары, дүкендерде күнделікті дезинфекциялау жұмыстары қатаң бақылауда. Ал сатушылар арнайы киім, қолғап киіп қызмет көрсетпеген жағдайда, сондай-ақ, сатып алушыларды үш адамнан артық кіруне жол берген жағдайда айыппұл төлеп, дүкеннің жабылатыны ескертілген.

Бұл талапты орындамаған бірқатар дүкендер жабылды да. Себебі, қазіргі таңда карантин режимін бұзуға болмайды, бұл ауданның әрбір тұрғынының денсаулығы қауіпті.

Тәртіп бойынша, тұтынушылар 1-1,5 метр қашықтықты сақтау тұруы тиіс, бұл туралы жұмысшы топ аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 353 рет