Сенбі, 11 Сәуір 2020 17:20

Шымкент: Жауын мен қар салдарынан орын алған апатты жағдайлар қалпына келтірілді

Ауа райының қолайсыздығынан, яғни жауған жаңбыр мен сулы қардың салдарынан қала аумағында саябақтар, гүлзарлар және жергілікті аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен ішкі орамдық көшелерде 1202 дана ағаш пен 14761 түп ағаш бұтақтары сынған. Оның ішінде орталық көшелерде 244 түп ағаш түбімен жұлынып кеткен. 

Сонымен қатар қала аумағында көше бойындағы ағаштардың электр жүйелерінің (электр трансформаторлары, 10/6/0,4 кВ электр желілері) үстіне құлау салдарынан 483 жерде – желілердің үзілуі, 45 жерде электр трансформаторлары жабдықтарының істен шығу жағдайы орын алды. Нәтижесінде қала аумағында 8 000-ға жуық абонент электр қуатынсыз қалды. Қазіргі таңда қала аумағында орын алған апатты өшулер толық ретке келтіріліп, шағынаудандардың басым бөлігіне электр қуаты берілді. Алайда шағынауданның кейбір ішкі көшелерінде электр энергиясы жекелей қосылмау жағдайлары бар, бұл бойынша «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің апатты бригадасы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өткен жөн.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 360 рет