Жексенбі, 26 Сәуір 2020 17:48

Сайрам ауданында мал союдың шарттары мен талаптары қатаң бақылауда

Аудан көлемінде 20 астам мал сою бекеттері мен алаңдары жұмыс жасайды. Күнделікті мал сою бекеттерінде мыңға жуық ірі қара мал сойылады.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы тарапынан мал союдың шарттары мен талаптарының сақталуына тұрақты түрде бақылау жүргізіледі. Бүгінгі күнге ауданда орналасқан барлық мал сою бекеттеріне санитарлық талаптарын сақтау жөнінде ескерту жұмыстары жүргізілді. .

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 406 бабының 1 тармағы 4 тармақашасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын союдың шарттары мен талаптарын сақтамаған жағдайда жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары атқарылды.

Әлеуметтік желілерде кең тараған бейнесюжет Сайрам ауданы, Арыс ауыл округі, 034 кварталда түсірілген. Ол жерде мал сою бекеті тіркелмеген. Алайда, Қарабұлақ ауылы, Абай көшесі №20 үй тұрғыны, жеке кәсіпкер У.Халжалиловтің малдың ішкі құрылысы ағзаларын қайта өңдеу, теріні қабылдау жұмысымен айналысып жатқан фактісі анықталды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 429 рет