Ал порталда көрсетілген аудандар бойынша байланыс нөмірлеріне аталған көмек бойынша кеңес сұрап, 243тұрғын хабарласқан екен. Айта кетер жайт, төлемді алу үшін тұтынушы «communal-komek.kz» электронды порталына кіріп, онда көрсетілген санатқа енетін азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірін теру қажет. Көмек алушының ЖСН-ін тексерген соң, портал рұқсат берген жағдайда ары қарай жалғастырып, қажетті мәліметтерді (әлеуметтік дәрежеңізді және дербес шот деректеріңізді) енгізесіз. Жауапты мамандар ұсынылған деректерді тексеріп, мәліметтер расталған жағдайда ғана коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады. Назар аударарлығы, көмек көрсету сәуір және мамыр айларын қамтиды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.