Жексенбі, 10 Мамыр 2020 15:33

Мақтаарал ауданында жаңа мөлтекауданның құрылыс жұмыстары басталды

Су тасқыны болған Мақтаарал ауданында жаңа мөлтекауданның құрылыс жұмыстары басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

Облыс әкімінің орынбасары өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында құрылыс жұмыстарының барысын көрсетіп, қысқаша түсіндіріп өткен.

«Менің артқы жағымда жүк көліктері мен ауыр техника жұмыс істеуде. Жерді тегістеу жұмыстары жасалып жатыр. Мырзакент кентінің жанынан жаңа мөлтекауданның құрылысын салу жұмыстарына дайындық шаралары жүргізілуде. Мұнда су тасқыны болған Достық, Жеңіс және Жаңа тұрмыс елді мекендерінен 500-ге тарта отбасы қоныстанатын болады. Сондай-ақ, бұл жерге жаңа мектептің, балабақшаның және фельдшерлік-акушерлік пункттің ғимараты бой көтереді. Құрылыс жұмыстары тамыз айына дейін жүргізіліп, тапсырылатын болады»,- деді Сәкен Қалқаманов.

Осыған дейін, Мақтаарал ауданының әкімшілік орталығы Мырзакент ауылында Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-Министрлері жаңа шағын ауданның құрылыс жоспарымен танысып, алғашқы тұрғын үйлердің іргетасын қалау рәсіміне қатысып,  тұрғындармен кездесу өткізгенін хабарлаған болатынбыз.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

 

Оқылды 429 рет