Бұл заттарды жеткізу үшін 6 жүк көлігі, 20 «Газель» мен 2 жеңіл көліктен құралған керуен сапар шеккен.
«Екі тәулік шамасында атыраулық ағайынның аманатын Мақтааралға жеткіздік. Сонымен қатар, Атырау қаласы халқынан бөлек, мұнайлы өңірге қарасты 7 ауданның жастары жинаған 15 миллион теңге Мақтарал ауданының халқына беріледі. Талай қиындықты халқымыз бірліктің арқасында жеңген. Бұл сынақты да бірге өткереміз. Біз біргеміз!», - деді керуенді бастап келген азаматтар.
Айта кетейік, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Мақтааралға көмек көрсету мақсатында арнайы қорға қаржы жиналған. Сонымен қатар, қажетті тұрмыстық заттар мен киім-кешектер, төсек-орын жабдықтары жасақталған. Кәсіпкерлер мен қарапайым халыққа дейін қолындағы барын керуенге әкеліп берген болатын.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.