Ол үшін арнайы есепшот ашылып, барлық БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде бүгінгі таңда қорға 117 млн теңгеден астам қаражат түскен. Бұл қаржы Мақтаарал ауданында тұрғын үй салу, егін мен мал шығынын өтеуге жұмсалады.
Айта кетейік, қор өз жұмысын өткен жылғы Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша жүргізіп отыр. Сол кезде қор арқылы қалпына келтіру, құрылыс жұмыстарына және Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына қыруар қаражат жиналған болатын.
Бұған дейін, Тасқыннан зардап шеккен мақтааралдықтарға Әлішер Усмановтың қорынан бөлінген қаражат беріле бастағанын жазып едік. Төтенше жағдай кезінде эвакуацияланған 5202 отбасының жеке шотына 1 мың АҚШ долларынан аударылуда. Бүгінде эвакуацияланған мақтааралдықтардың алғашқы легі қаражатының сертификатын алды. Ауданда қаражат алатын барлық азаматтың құжаты қабылданып жатыр. Құжаттар толық жиналған кезде әрбір отбасы өзіне тиесілі қаржыға қол жеткізбек.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.