Түлкібас ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек тұрғын үйдің кілтін тапсырып, ізгі тілегін жеткізді.
Айта кетейік, осы күнге дейін 5 жасөспірім мен олардың кәмелет жасына толған әпкесі Нұрсұлу Шалыпова нағашы апасының қолында тұрып келген. Нұрсұлу Абайқызы бүгінгі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде бағдарламалық қамтамасыз ету маманы болып жұмыс істейді.
Соңғы екі жылдан бері бұл отбасы аудан әкімдігінің қамқорлығында болып, оларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келген. Өз кезегінде көп жылдар бойы бес бауырымен қиыншылықта өмір сүріп келген бойжеткен аудан әкімдігіне, «Харекет» қайырымдылық қорына және жаны жомарт жандарға алғысын жеткізді.
Елімізде 2017 жылдан бері жұмысын бастаған «Харекет» қоры көптеген қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, игі істердің жанашыры атанып келеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.