Бейсенбі, 30 Сәуір 2020 16:23

Шымкентте карантин режиміне жеңілдіктер енгізілді

29 сәуірден бастап Шымкентте карантин тәртібі жеңілдетілді. Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев тиісті қаулыға қол қойды.

Атап айтқанда, жеңілдіктер азаматтардың серуендеуіне рұқсат беруге қатысты. Сонымен қатар, енді балаларға тұрғын үй аулаларындағы балалар ойын алаңдары аумағында серуендеуге рұқсат берілді. Тек ата-аналардың бақылауымен сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін серуендей алады. Бұл ретте балалардың ойын алаңдарында көп жиналуына жол берілмейді, ал олардың өздері қорғаныш бетпердесін киюі тиіс. Бұған қоса ересектерге өз үйлерінің аулаларына күніне екі рет - 06:00-ден 12:00-ге дейін және 15:00-ден 21:00-ге дейін серуенге шығуға рұқсат беріледі, екі метр арақашықтықты және бетперде режимін сақтау керек.

Саяжай маусымының басталуы да ескерілді. Енді шымкенттіктер тек қала аумағында орналасқан саяжайлар мен бақшаларға бара алады, Тек таңғы сағат 06:00-ден бастап барып, кешкі сағат 21:00-ден кеш қайтпауы тиіс. Жолаушының өзімен бірге саяжайға немесе бақшаға меншік құқығын растайтын құжаты болуы тиіс. Қаладағы тәртіпті Полиция департаментінің қызметкерлері қадағалайды. Оларға қоғамдық орындарда және аулаларында серуендеуге рұқсат етілген уақытты қоспағанда азаматтардың жиналуына жол бермеу тапсырылды. Ал, коммуналды қызметтер мен әскери қызметкерлерді жұмылдыра отырып, аумақтарды өңдеу карантин толық аяқталғанға дейін жалғасады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 359 рет