Қазіргі таңда портал арқылы Шымкентте 22 390 өтінімнің 14 773-інің жеке шоттарының сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, 7 255 азаматтың өтініші мақұлданған. Тиісінше 7 518 азаматтың жеке (абоненттік) есеп-шоттары сәйкес келмегендіктен, өтініштері қанағаттандырылмаған. 15 000 теңге көлеміндегі коммуналды төлемге қатысты қала тұрғындарына кеңес беру үшін 29 сәуірден бастап 8(7252) 39-23-68 нөмірі бойынша 10 байланыс каналынан тұратын сall-орталық жұмысын бастады.
Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының бастамасымен Birgemiz акциясы аясында «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының әлеуметтік үйінің жанынан құрылған қалалық сall-орталық сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз қызмет атқаруда. Байланыс нөмірлері: Абай ауданы: 8-778-171-00-28, 8778-471-10-45, Еңбекші ауданы: 8-778-171-00-37, 8-778-171-00-47, 8-778-471-10-29, Әл-Фараби ауданы: 8-778-171-00-56, 8-778-171-00-51, 8-778-471-10-57, Қаратау ауданы: 8-778-171-00-76, 8-778-171-00-26, 8-778-471-10-49. Орталық тарапынан қазірге дейін 5 256 азаматтың сұрақтарына жауап берілді.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»