Тосыннан болған апаттан әбігерге түсіп, күйзеліске ұшыраған тұрғындарды рухани қолдау және балаларға қуаныш сыйлау мақсатында
Атакент кентіндегі N5 Мақтаарал мектеп-гимназиясында орналасқан бүлдіршіндерге анимациялық фильмдер көрсетті.
Түркістан облысында түсірілген тарихи туындылар мен тәрбиелік мәні жоғары мультфильмдер балалардың көңілінен шығып, керемет көңіл-күй сыйлады.
Екі күнге жоспарланған іс-сапар барысында мекеме қызметкерлері барлық эвакуациялық орталықтарға барып, көрсетілімдер жасамақ. Бұл туралы «Оңтүстікфильм» КММ-нің директоры Нарикова Райхан мәлімдеді.
Ал, осыған дейіе мектеп оқушылары лагерьлерге демалуға жіберілетінін жазған едік.
Министрліктің мәліметінше, Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фирдоуси елді мекендерінде мектеп жасындағы 1 820 бала бар.
Олардың басым бөлігі «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына барады. Ол үшін карантин кезінде жұмысын тоқтатқан орталықтың қызметін жандандыру туралы шешім қабылданды. Қалғаны «Еркежан», «Бәйшешек», «Сарыағаш», «Қазығұрт» «Балдәурен» (жекеменшік) лагерьлеріне жіберіледі.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.