Бейсенбі, 14 Мамыр 2020 10:11

Түркістан облысындағы сел: Тағы үш аудандағы ауылдарды су басты

Түркістан облысының тағы үш ауданында жауын-шашын салдарынан аулаларды су басты.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәліметінше, кеше кешкісін сағат 19:30 шамасында өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан үйдің ауласына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері дер кезінде шығып, Алтынтөбе ауыл округі мен Қаржан елді мекенінде 2-үй, 1-емхана, 1-дәріхана, 2-қоражайдың аулаларына су кіргенін анықтаған. Ал, Жігерген ауыл округі бойынша 30-үйдің ауласына су кіргені және 4-қора құлағаны тіркелді. С.Рақымов ауыл округі Қызылата елді мекенінде 4-үй, 1-мешіттің ауласына су кіргені анықталған. Көкібел су қоймасының (151,0 мың м3) толуына байланысты Көкібел елді мекеніндегі 27 отбасының 133 адамы Көкібел мектебіне эвакуацияланып, азық-түлікпен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің 30 қызметкері, аудан, ауыл әкімдігінің 15 қызметкері 6-техника және 5 мотопомпамен үй аулаларынан су шығару жұмыстарын жүргізуде. Апаттан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жағдай толық бақылауға алынып, келтірілген залал шығындары есептелуде»,- делінген хабарламада.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 366 рет