Бейсенбі, 14 Мамыр 2020 11:11

Түркістан: Полицейлер «Тыл ардагері» ақ жаулықты ананы және қызмет бабында қайтыс болған полицейдің жұбайын мерекемен құттықтады

Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекесі қарсаңында бірнеше аналарамыздың үйіне барып құттықтап шықты.

Бірінші кезекте соғыс жылдары тылда талмай еңбек етіп, елдің өркендеуіне үлес қосқан ақ жаулықты ана, «Тыл ардагері» Қабылбекова Райхан анамыздың үйіне келді. Қазығұрт АПБ-нің бастығы полиция полковнигі А.Ақшораевтың өзі арнайы бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтарын беріп, асыл ананы мерекемен құттықтады. Полиция полковнигі өз сөзінде: «Сол бір қиын шақтарда теккен теріңіз бен еткен еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Ұзақ ғұмыр жасаңыз, біз сіздерге қашанда қарыздармыз. Ештеңе де, ешкімде ұмытылмақ емес»-деп атап өтті. Ал, ақ шашты анамыз, елеп-ескеріп құттықтап келген тәртіп сақшыларына шынайы алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Одан кейін, Қазығұрттық полицейлер қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Атымтай Ахметовтың шаңырағына барып, Атымтайдың жары Ахметова Гулмираға бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтарын беріп, Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады. Қиын да қауіпті салада абыройлы еңбек еткен полицей жайлы нақтырақ айтсақ; ол Қазығұрт АПБ Уақытша ұстау изоляторының бұрынғы полицейі полиция аға сержанты лауазымында қызметте болған. 2013 жылы 11 маусымда айдауыл қызметін атқару барысында айыпталушының қасақана салған түрлі дене жарақаттары салдарынан қайтыс болған. Өмірі ерте үзілген арда азамат, ішкі істер саласында 17.10.1991 жылдан бастап қызмет атқарған. Қызмет атқару барысында бірнеше медальдармен марапатталған. Өмірден өткен полицейдің некелі жары, Қазығұрттық полицейлердің іс-әрекеттеріне риза болып: «Сіздердің жұмыстарыңыз өте қиын, білемін. Сондықтан сіздерге Алла жар болсыншы. Өмір жастарыңыз ұзақ болып, жұмыстарыңызда табысқа жете беріңіздер»-деп өзінің аналық ақ тілегін жеткізді.

Мұндай тағылымды кездесулер, басқосулар тәртіп сақшылары тарапынан алдағы күндері де өз жалғасын таппақ. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 558 рет