Тегісшіл ауылдық округі азаматтары Мақтаарал ауданында апаттан зардап шеккен отбасыларға жәрдем беру мақсатында, мектептерге уақытша эвакуацияланған тұрғындарға азық-түлік, киім кешек және қажетті гигиеналық заттар жеткізіп берді.
«Бұл қазақстандықтардың кез келген қиындықта жұдырықтай жұмылып, топтаса түсетінін аңғартты. Апаттың айтып келмейтіні анық. Ел басына күн туған қысылтаяң шақта бірлігі мен жақындығын танытқан Тегісшіл ауылдық округінің тұрғындарына алғысымызды білдіреміз»,-дейді аудан әкімдігінің мамандары.
Сондай-ақ Жартытөбе ауылдық округінің тұрғындары және Тәжік этномәдени орталығының өкілдері де уақытша қиындықтарға тап болған мақтааралдықтарға азық-түлік және күнделікті тұрмысқа қажетті заттар тиелген көмек керуенін жолдады.
Осындай қиын-қыстау кезеңде де ұйымшылдығы мен ынтымақтастығын көрсетіп отырған ауыл тұрғындары және этнос өкілдерінің игі ісі көпшіліктің көңілінен шығуда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.