Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, түсіндіру тобында аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Сакен Жолдыбаев және ауданның бас санитары Спандияр Оразымбетов бар. Олар аудан орталығындағы «Әуес» және «Аззие» сауда базарында болып, сатушылар мен тұтынушыларға елімізде Төтенше жағдай тоқтатылғанымен Карантиндік режим жалғасатыны жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түркістан облыстық бас санитар дәрігерінің 10.05.2020 жылғы №17 бұйрығымен облысымызда енгізілген карантин ережелері таныстырып, санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін түсіндірсе, ауданның бас санитары Спандияр Оразымбетов азаматтарға жеке гигеналарына аса көңіл бөлуді, бетперде тағып жүру қажеттігін қатаң ескертті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.