Мырзашөлге азық-түліктерін артып жеткен отырарлық керуенмен жас спортшылар, белсенді жастар мен серілер жергілікті тұрғындарға рухани күш сыйлады. Ойын жасындағы балалар үшін Азамат Асылханов арнайы батут орнатып, балалардың жабыққан жүзін күлкімен көмкерді.
Т.Бигелдинов мектебіндегі эвакопункттегі тұрғын үйін су басқан тұрғындарға арнайы ас мәзірі әзірленіп, ауызашар ұйымдастырылды. Сын сағаттарында тосыннан келген апаттың зардаптарын жою, тұрғындарды сабырға шақыруға келген облысымыздың бас имамы Мұсабек қажы Ақтамбердіұлы, республикалық "Jas Otan" жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбай, облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Амалбек Өміртай және өзге де сала өкілдері аудан жастарының жанынан табылды.
Ақсақалов және Полатбаев сынды қос Дәурен ақынның жыр арнауына шабыттанған жергілікті тұрғындар сазгер Руслан Ақынбековтің «Мырзашөлім» әнін тыңдап, қуаныштан көзіне жас іркіді.
«Су басып жабырқаған жұрағатым, Су жаңа шаңырағыңда қауышқанша» десіп, отырарлықтар алыстағы ағайынмен қоштасып, тарқасты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.