Бейсенбі, 14 Мамыр 2020 15:32

Арыс өзенінің тасуы да ықтимал…

Арыс, Бадам өзендерінің бастауын тау өзендерінен алатындықтан су арнасы деңгейінің көтерілуі ықтимал. Дәл қазіргі уақытты Арыс қаласының әкімдігі «Дабылды ескерту» шарасын жасады.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада:

«ДАБЫЛДЫ ЕСКЕРТУ!

Құрметті Арыс қаласы және ауылдық округтар тұрғындары! Таулы аймақтарда нөсерлі жаңбыр салдарынан өзен арналары 3 есеге көтерілуіне байланысты, тауға жақын аудандарда су басу жағдайлары орын алып жатыр. Арыс, Бадам өзендері бастауын тау өзендерінен алатындықтан өзен деңгейі көтерілу қаупі жоғары болып отыр. Судың қаупі – сақтықта сейіледі. Құрметті тұрғындар! Аталған шараларға байланысты, төрт-түлік малды өзен жағасынан қашықта ұстап, сақтық шараларын сақтауды сұранамыз.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі» — делінген. Сондықтан, «сақтықта қорлық жоқ», — деген. Тосыннан келетін қауіптен сақтанып отырайық!

Еске сала кетейік, 13 мамыр күні Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жауынның көп жаууы салдарынан сел тасқыны орын алды. Жалпы, Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында жалпы 522 үй ауласы, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды. 1077 м3 су шығарылды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 486 рет