Сайрам ауданынын ұлттық ат спорт түрін серік еткен көкпаршылар тобы Төлеби ауданындағы су басқан ауылдарға арнап, 350 000 теңгеден аса қаржылай көмек ұйымдастырды.
Ауданның атқа қонар жігіттері ауызбіршілік танытып, бір түнде қаржылай көмектен бөлек, құрбандық шалуды да қолға алды.
Қазір Сайрам ауданынан көрші аудана барған еріктілер тобы құрбандыққа шалынған жылқы етін жіліктеп, түскі ас ұйымдастыруда.
Сондай-ақ, Төлеби ауданының эвакуацияланған тұрғындарына кешкі ас, ауызашар беруді ниет етіп отыр.
Айта кетейік, бүгін, 2020 жылғы мамырдың 14-ші жұлдызы, еліміздің оңтүстік өңірлерінде толассыз жауын жаууда. Табиғи құбылыс салдарынан таулы аймақтағы ауыл тұрғындарына қиындық туындап, қазір су шайған аумақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, Сайрам ауданынан Төлеби ауданына 6 газельмен 7 млн теңгені құрайтын 10 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.