Бейсенбі, 14 Мамыр 2020 16:12

Сайрам ауданы Төлебиліктерге көмекке жұмылуда

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы селден зардап шеккен аумақтарды аралауда,-деп хабарлайды Сайрам ауданы əкімінің баспасөз қызметі.

Мұнда 13 мамыр күні толассыз жауған нөсер жауынның әсерінен Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтеріліп, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 215 тұрғын үйлердің ауласына су кірді.

- Тек 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауған. Бұл соңғы жылдары алғаш рет орын алған табиғи құбылыс. Қауіпсіз аумаққа көшірілгендеріңіз дұрыс болды. Үйлерді полиция қызметкерлері күзетеді. Уайымдамаңыздар. Саман үй құласа, өздерінің үшін қауіпті. Барлық аудандар көмекке келіп жатыр, - деді Өмірзақ Естайұлы Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде.

Ал Сайрам Ауданы Төлеби Ауданындағы жағдайға байланысты барлық мүмкін болған көмекті ұйымдастыруда.

Таңсəріден жұмысшы топ жасақталып, азық-түлік, техникалық, гуманитарлық қажеттіліктерді алып, көрші ауданға жеткен болатын.

Қазір эвакуацияланған тұрғындарға бар жағдай жасалуда. Облыс əкімі жағдайды бақылап, оқиғаның басы-қасында жүр.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 366 рет