Дүйсенбі, 04 Мамыр 2020 19:05

Шымкентте «Жанға жылу» акциясы аясында 100 отбасыға көмек көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мазмұнды мақаласында дәстүр сабақтастығы болған жерде ғана игілік пен ізгілік қатар өркен жаяды. Осы қасиетті қағида әрбір қазақстандықтың жадынан, жүрегінен орын алуы керек, - деген болатын.

Осы мақсатта Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» кезекті рет «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын қолға алды. Қайырымдылық акцияға «Петро Қазақстан» Шымкент мұнай өңдеу зауыты демеушілік жасады. Ұйымдастырушылар мен демеушілер Шымкент қаласындағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау ауданы әкімдіктерімен бірлесе отырып, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және көпбалалы 100 отбасының тізімін нақтылады. Осыған сәйкес, ұйымдастырушылар күнделікті тұрмыста жиі тұтынатын: ұн, қант, май, макарон, қарақұмық, шай, печенье және өзге тәттілерден 100 азық-түлік себетін әзірледі.

Акция аясында ерікті жастардан жасақталған белсенділер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, азық-түлік себеттерін отбасыларға таратты. Айта кетейік, ұйымдастырушылар жыл басынан бері «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында 500-ден аса отбасыға көмек берілгенін атап өтті.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 401 рет