Жұма, 15 Мамыр 2020 12:43

Қостанайдан Мақтааралға жүк көлігі жолға шықты

Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы отандастарымыз табиғи апат салдарынан қазірде қиын жағдайда екенін барлығымыз білеміз. Осы ретте бүкіл ел бір жұдырықтай бірлесіп, Мақтааралға көмек қолын созуда.

Елдің түпкір-түпкірінен жіберіліп жатқан көмектен Қостанай облысы да шет қалмады.
«Birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы жергілікті «Salamat» және «Атамекен-Дос» ЖШС қолдауымен Түркістан облысының Мақтаарал ауданына тасқын судан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету мақсатында 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Партия белсенділері мен волонтерлері бірлесе жинаған көмек тиелген жүк көлігі бүгін облысымыздан Түркістан жеріне жол тартып, үш күн көлемінде белгіленген жерге жетпек.

Айта кетерлігі, "Біз біргеміз" акциясы аясында Мақтааралға Нұр-сұлтан мен Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облысы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарынан және Қазақстан халық Ассамблеясы тарапынан көмектер келді. Сондай-ақ,  жеке кәсіпкерлер мен азаматтар да атасалысуда. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 390 рет