Жұма, 15 Мамыр 2020 13:12

Отырар: Сот ұжымы «Біз Біргеміз» акциясына қолдау білдірді

Отырар ауданында «Nur Otan» партиясының «Біз Біргеміз» акциясына қолдау білдіріп, қамқорлық жасауға өз үлестерін қосып жатқан азаматтардың саны күн санап артып келеді, деп хабарлайды Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мәселен, акция аясында аудандық сот ұжымы аудандағы аз қамтылған көп балалы 20 отбасыға азық-түлік жеткізіп берді. Аталған көмекті тұрғындардың үйлеріне дейін жеткізіп берген аудандық сот төрағасы Ә.Жанасов бастаған ұжымға тұрғындар қасиетті Рамазан айында жасаған көмектеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Сондай-ақ ізгі ниетті, қайырымды жандардың бірі аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов та жарқын істен шет қалмады. Ол аудандағы аз қамтылған көп балалы 11 отбасыға өз қаржысы есебінен азық-түлік алып берді. Жанашыр жандардан көмек алған тұрғындардың жүзінде шаттық нұры төгіліп, қайырымды ел азаматтарына алғыстарын жаудырып жатты.

«Ораза айы рақымшылық мен қайырымдылық жасауға асығатын жандар үшін сауап жинауға үлкен мүмкіндік сыйлайтын ең қасиетті де қастерлі ай. Осындай қасиетті айда жан қалауымен көп адамға қол ұшын созып отырған азаматтарға мың алғыс»,-дейді ауыл тұрғындары.

 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 407 рет