Онда халыққа қажетті 6 тонна азық-түлік, 100 кг химиялық, гигиеналық заттар, 2 тонна аяқ-киім, төсек орындар жөнелтілді. Жеке кәсіпкерлер Туламетов, «Тассат» ЖШС директоры 1 млн. көлемінде заттар алып қол ұшын созды.
Аудандық мәслихат депутаттарының демеушілігімен 3,5 тонна азық-түлік гуманитарлық көмек ретінде жол тартты.
Сайрам ауданынан жеке кәсіпкер Алмагүл Айкан және Шахтыгүл Бекзатова бастаған іскер әйелдер кеңесі «BizBirgemiz» акциясы аясында 3,2 млн. теңге көлемінде гигиеналық заттар, медициналық маска мен сүт өнімдерін Мақтаарал ауданындағы зардап шеккен отбасыларға жеткізіп берді.
Аудан имамының ұйымдастыруымен ауылдық округ-тердегі мешіт имамдарының, белсенді жастардың және кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен арнайы керуен жолға шықты. Атап айтқанда: 5 «Газель», оның ішінде 1 «Газель» тұрмысқа қажетті гигиеналық заттар, 1 «Газель», киім-кешектер, 3 «Газельде» 10 тоннадай азық-түлік, 850 мың теңге қаржылай көмек берілді. Оған қосымша 1 «КамАЗ» автокөлігімен азық-түлік және гигиеналық заттар жіберілді. Сонымен қатар, 400-дей Мақтаарал тұрғындарына ауызашар берілді.
Жерлестерімізден Мақтаарал ауданына 8 ерікті құтқару командасына көмекке барып қайтты. 700 әскери қызметкер және құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне ауызашар беріліп, 20 отбасыға азық-түлік таратылды.
Аудан еріктілерінің және белсенді жастардың қолдауымен Мақтааралда төтенше жағдай орын алған күні 250 мың теңгеге бірінші қажеттілік тауарлары және 100 мың теңгеге ыстық тамақтар ұйымдастырылды. Одан бөлек, Қарасу, Арыс ауылдық округтерінің жастары тарапынан 600 мың теңге қаржылай көмек жіберілді.
Аудандық өзбек этно-мәдени орталығының ұйым-дастыруымен 1000 дана шифер, жалпы сомасы 1 млн. 450 мың теңге көмек көрсету жоспарлануда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.