Бүлдіршіндерге түрлі төтенше жағдайлар орын алғанда немесе жарақаттанған жағдайда алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтары өткізілуде. Сонымен қатар, балалармен ребус шешу арқылы ақпараттар берілді. Балалар өте жақсы жауап беріп, белсенділік танытуда.
Айта кетейік, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың бастамасымен Мақтаарал ауданының тасқын судан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақ сай, Жаңа Тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарынан көпбалалы отбасыдан шыққан және дәрігерлік есепте тұрған 150-ге жуық бала "Сарыағаш" облыстық балалар шипажайына орналастырылған болатын.
Оқушылар шипажайда демалып, оңалту емдік шараларын алуда. Барлық жағдайлары жасалған. Балалармен шипажай медицина қызметкерлері мен тәрбиешілер жұмыс жасауда. Карантин кезіндегі қауіпсіздік ережелері де сақталған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.