Жексенбі, 17 Мамыр 2020 17:54

Мақтаарал ауданы Фирдауси ауылындағы үйлер бұзылып, жаңа үйлер салынады

Мақтаарал ауданы Фирдауси ауылындағы үйлер бұзылып, жаңа үйлер салынады,деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Мақтаарал ауданы Фирдауси ауылындағы көшелер мен үйлерді басқан су сорып алынып, тазаланып, жарамсыз үйлерді бұзу жұмыстары басталды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың легімен танысуға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев барып, жергілікті тұрғындарға жарайтын есік, терезе сынды дүниелерін алып, қажетіне пайдалануына болатынын айтты. Жарамсыз үйлерді бұзу жұмысы ауылдың Нұрдала және Жаңатұрмыс көшелерінен бастау алды. Тазалау жұмыстары аяқталған соң, орнына жаңа үй салу жұмыстары басталмақ. Құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындарды тарту жоспарланған.

Тазалау және бұзу жұмыстарына Келес ауданынан Келес Қызмет мекемесінен 20-ға тарта адам, 7 техника жұмылдырылған. Аталған жұмыстардың басы қасында Келес ауданы әкімінің орынбасары Серік Қарақұлов жүр. Сонымен қатар, 17 қызметкерден құралған штаб құрылып, әрбірдің үйдің мемлкеттік актісіне түгендеу жұмыстарымен қатар, атқарылып жатқан жұмыстарға бақылау жасауда.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 486 рет