Сайрам Ауданынан барған жұмысшы топ Төлеби Ауданы Сұлтан-Рабат ауылынан бекітілген секторда белсенді жұмыс жасауда.
Олар қазірге дейін 15 үйдің септигін тазалап, 1 шақырым арықты тереңдетіп қазып, ондағы жиналған қоқыс пен лайды тазалады. Жертөлелерде жиналған жауын суын техника көмегімен шығарып, 300-ге жуық үйдің жағдайын зерделеді.
Оның алтауын қауіпті жағдайда деп анықтап, сарапшыға ұсынды. 6 үйдің техникалық құжаттары жинақталып, заттары толық көшірілді.
Сайрам ауданынан барған 40 кісі Сауран көшесінде 1,5 шақырым бордюр мен 2 аялдаманы сырлап бітті.
Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Ансар Усербаевтың мәлімдеуінше, Сауран көшесінде арық-атызды ретке келтіріп, қоқыс қалдықтарын шығару жұмыстары әлі де қарқынды жүргізілуде. Жұмысшы топ Сауран көшесін ретке келтіріп, аялдамалар мен бордюрді сырлап, жол бойындағы ағашқа дейін әктеп қайтатын болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.м