Төлеби ауданында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен сел жүру салдарынан зардап келген аймақтар 4 секторға бөлінген болатын. Ордабасы ауданына Сұлтан Рабат елдімекені бөлінген еді. Осыған орай, ордабасылықтар Сұлтан Рабат елді мекенін зерделеу барысында 55 үйдің ауласына су кіргені анықтады. Нәтижесінде, Ордабасы ауданынан келген жұмыс тобының азаматтары 17 тұрғын үйдің жертөлесі мен сарайына жиналған суды, сондай-ақ 35 үйдің аулаласына кірген лай мен қоқысты шығарып тастады. 400 метр арық жолдары ағаш-бұталардан тазартылып, арнасы кеңейтілді. Көше жиегіндегі шөптер орылып, 2 аялдама мен 500 метр бордюрлерге сырлау жұмыстары жүргізілуде.
Орын алған жағдайды ретке келтіру мақсатында 55 адам, 17 техника жұмылдырылып, жұмыс жүргізуде. Осы жұмыстарға Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Қ.Сейітқұл басшылық жасауда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.