Жексенбі, 17 Мамыр 2020 19:35

Мақтаарал: «Еріктілер штабы» қамқорлық жасап жарысты

Мақтаарал ауданында облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Мақтааралдағы су тасқынының зардаптарын қалпына келтіру, елге қолұшын созу мақсатында құрылған «ЕРІКТІЛЕР ШТАБЫ» мүшелері 117 отбасыға азық-түлік пен күнделікті тұтыну заттарын таратты.

Өңірде орын алған су тасқыны кезінде де әлеуеті әлжуаз отбасыларды назардан тыс қалдырмаған ерікті жастар таратқан азық-түлік себеттерінің құрамында күріш, май, шай, макарон, ас бұршақ пен түрлі тәттілер, химиялық тұтыну заттары бар. Мұндай игі істің қандай жағдай болса да тоқтамайтынын айтады штаб мүшелері.

Сондай-ақ, Мақтаарал ауданында болып жатқан төтенше жағдай уақытында үйін су басқан тұрғындар ауылдарынан белгіленген штаб, мектептерге көшірілген. Осы тұрғындардың балаларының көңіл күйлерін көтеру мақсатында Келес ауданы " Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің психолог маманы семинар тренинг өтті. Жүргізілген семинар барысында балаларға арналған түрлі ойындар ойнатылды. Келес аудандық Мәдениет үйі мамандары және ауданымыздың талатты, ерікті жастары концерттік бағдарлама қойып, балаларға қуаныш сыйлады. Кешкі астан соң балаларға мультхикая қойылып жүздеріне күлкі ұялатты.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 570 рет