Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін кәсіпкерлер ХҚКО-да жылжымалы/жылжымайтын мүліктің кепіл шартын және оның қосымшасын тіркей алады. Азаматтардың көптеп жиналуын болдырмау үшін ХҚО тек әкімдіктен алдын-ала берілген, несиелендіру бойынша оң шешім алған ұйымдардың тізіміне сәйкес жұмыс істейді. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтердің уақытылы әрі сапалы көрсетілуі үшін бизнес өкілдерінен құжаттардың толық пакетін бірден ұсынуға кеңес береді және ХҚКО-да ЭЦҚ мен анықтамалар берілмейтінін ескертеді.
– 12 мамырдан бастап ХҚКО-ға тек заңды тұлғалар бара алады. Ал қала тұрғындары мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алуды жалғастырады. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамы egov.kz порталында қолжетімді екенін ескертеміз. Порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚКО-ға кезектің уақытын брондау үшін egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған кезде қашықтықты сақталады және медициналық маскалардың болуы міндетті.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.
Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін ХҚКО мекенжайлары:
1. Абай аудандық ХҚКО, Мәделіқожа көшесі, 1/16 Г.
2. Әл-Фараби аудандық ХҚКО, Ә.Жангелдин көшесі, 13А.
3. Еңбекші аудандық ХҚКО, Шығыс шағынауданы, 116/1.
4. Қаратау аудандық ХҚКО, Төлеметов, көшесі, 35.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.