- Қазіргі таңда аудан аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру менқайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның бірі – «Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының» жобасы. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады, - дейді аудан басшысы.
Сондай-ақ Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстары да басталғанын айта кеткен жөн.
Атап өтер жайт, аудан әкімінің айтуынша, бұл нысандар Шымкент қаласының өзіндік келбетін сипаттайтын және қала тұрғындарының демалуына ыңғайлы орта болатын аумаққа айналатын болады.
Айта кетейік, жалпы аудан аумағында 13 саябақ пен 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.