Ал осы жылдың төрт айының өзінде 1807 жұп отбасын құрып үлгеріпті. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының АХАТ бөлімінің мамандары отбасы мәртебесін арттыруға және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізіп, тоқсан сайын жастарға және некеге отыратын азаматтарға арналған дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіп келеді. Айта кетейік, Неке және отбасы туралы ҚР заңына сәйкес, ер және әйел адамдар 18 жастан бастап некеге тұра алады. Сонымен қатар, белгілі себептерге байланысты ғана жергілікті АХАТ органдары неке жасын 2 жасқа төмендете алады екен.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»