Сейсенбі, 12 Мамыр 2020 19:44

Шымкенттік 283 177 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалды

2020 жылғы 12 мамыр, сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал мен сайттардан 535 633 адамнан өтініш түскен екен. 

Оның ішінде 283 177 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 248 119 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 283 177 азаматтың ішінде 270 398 өтініш бойынша, ал 12 779-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 280 633 азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған атап өткен жөн.

Бұл ретте айта кетер жайт, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, сонымен қатар қайтыс болған азаматтар атынан түскен.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 400 рет