Бейсенбі, 20 Тамыз 2020 17:40

Шымкент: Қаланың шеткі аудандарына 145 аялдама орнатылады

Биыл үшінші мегаполисте  «Жұмыспен қамту жол картасы»  бағдарламасы аясында қала аумағында 260 дана жаңа аялдама павильондарын орнату жоспарланған.

Шымкентте қала көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жол жөндеу жұмыстарымен қатар жаңа аялдамалар орнатылып жатыр, деп хабарлайды Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.Биыл Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында қала аумағында 260 дана жаңа аялдама павильондарын орнату жоспарланған. Оның ішінде, ТИП 22 түрі – 165 дана, ТИП 20 – 95 дана.

 

Атап айтқанда, Абай ауданында 70, Әл-Фараби ауданында 70, Қаратау ауданында 70, Еңбекші ауданында 50 дана жаңа аялдама орнатылады. Ал 145 ескі аялдаманы демонтаж жасап, қала сыртында орналасқан елді мекендерде орнату көзделген.

 

Орнатылатын  кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарлануда. Жаңа аялдамалар бұрынғысынан сынбайтын терезелерімен ерекшеленеді. 

 

Сондай-ақ  аялдамалардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарады. Оның себебі белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтар аялдаманы паналамауы үшін жасалған. 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.



 

Оқылды 313 рет